Иван Дычко Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды (ВИДЕО)
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI жазғы Олимпиада ойындарында бокстан ерлер арасында аса ауыр салмақта жұдырықтасқан Иван Дычко жартылай финалда ұтылып, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.
Иван жекпе-жектің алғашқы раундында ұлыбританиялық қарсыласы Джозеф Джойстан басым болды. Алайда кездесу тізгінін алғашқы секундтардан бастап өз қолында ұстауға тырысқан жерлесіміз екінші раундта британдық боксшыға есе жіберді. Шешуші үшминуттықта да отандасымыз ұтылып қалды. Нәтижесінде үш төреші де жеңісті Джозеф Джойсқа берді. Қорытынды есеп - 3:0 (29:28, 29:28, 29:28,).
Айта кетейік, бұдан төрт жыл бұрын Иван Дычко Лондонда қола жүлдегер атанған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыСемсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:25
Ушу-саньда: Абдурашид Абдуллаев - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының чемпионы
24.09.2026, 07:15
Артем Саркисян Семсерлесуден жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 14:00
Стенд ату: Әсем Орынбай XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 11:45