АҚШ спортшылары олимпиадалық жүлделеріне салық төлейтін болды
Рио Олимпиадасында жеңіске жеткен және жүлде алған спортшыларға АҚШ-тың Олимпиада комитеті қомақты қаржы төлемек. Сонымен қатар, спортшылар алған жүлдері үшін салық төлейді, деп жазды бүгін MarketWatch.
Бейсенбі күнгі мәліметтер бойынша, Америка құрамасы Олимпиаданың жалпы медальдар кестесінде көш бастап тұр. Нақтырақ айтқанда, америкалық спортшылар барлығы 93 медаль алды. Олардың 30-ы алтын, 32-сі күміс, 31-і қола медаль. «Алтын» үшін олимпиадашыларға 25 мың, «күміс» үшін 15 мың, «қола» үшін 10 мың доллар төленеді.
АҚШ-тың салық органдарының сөздерінше, аталған медальдарға салық салынады.
АҚШ-та салық салудың арнайы ережесі бар. Яғни, табысы неғұрлым көп азаматтар салықты да көп төлейді. Онда кіріс мөлшеріне байланысты салықтың 7 дәрежесі бар және салық ставкасы 10-нан 39,6 пайызға дейін жетеді.
Жалпы алғанда, АҚШ спортшыларының табыстары аса үлкен емес. Алайда, олардың арасында демеушілермен келісімшарт негізінде көп табыс табатын спортшылар да бар. Мысалы, гимнаст Александра Райсман Ralph Lauren және Reebok пен Pandora зергерлік компаниясымен бірден бірнеше келісімшарт жасаған.
Рио Олимпиадасында ол бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алып, 55 мың доллар табыс тапты. Оның 21,8 мыңы салыққа төленуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыСемсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:25
Ушу-саньда: Абдурашид Абдуллаев - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының чемпионы
24.09.2026, 07:15
Артем Саркисян Семсерлесуден жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 14:00
Стенд ату: Әсем Орынбай XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 11:45