Гюзель Манюрова Рио Олимпиадасында күміс жүлде алды (ВИДЕО)
Қазақстандық Гюзель Манюрова әйелдер арасындағы күрестен Олимпиада ойындарының күміс медалін иеленді.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша финалдық белдесуде 38 жастағы отандасымыз канадалық Эрика Уибемен кездесті. Жекпе-жектің алғашқы кезеңінде жерлесіміз шабуылдау кезінде қарсыластың әдісіне түсіп қалды.
Осылайша, бірінші үшминуттықта 27 жастағы канадалық 2 ұпаймен алға шықты. Келесі кезеңде Уибе басымдық танытып, ұпай санын арттыра түсті. Қорытынды есеп 6:0.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан қоржынында жалпы саны 15 медаль бар. Оның 3-уі алтын, 5-уі күміс және қалған жетеуі қола. Медальдар тізімі бойынша Қазақстан жалпыкомандалық есепте 20-ші орында тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыСемсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:25
Ушу-саньда: Абдурашид Абдуллаев - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының чемпионы
24.09.2026, 07:15
Артем Саркисян Семсерлесуден жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 14:00
Стенд ату: Әсем Орынбай XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 11:45