Қазақстандық палуан қыз Екатерина Ларионова Рио Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алды (ВИДЕО)
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін қазақстандық палуан қыз Екатерина Ларионова Рио Олимпиадасының қола жүлдесін жеңді.
«Қола» үшін болған белдесуде 22 жастағы Ларионова америкалық Елена Пирожковамен кездесті. Жекпе-жектің бірінші кезеңін АҚШ спортшысы 3 ұпаймен ұтты. Алайда екінші үшминуттықта Ларионова шабуыл жасап, қарсыласының жауырын жерге тигізіп, таза жеңіске жетті. Нәтижесінде отандасымыз Қазақстан қоржынына 14-ші медальді салды.
Айта кетейік, Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында Олимпиададан алғаш рет 14 медаль алып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыСемсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:25
Ушу-саньда: Абдурашид Абдуллаев - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының чемпионы
24.09.2026, 07:15
Артем Саркисян Семсерлесуден жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 14:00
Стенд ату: Әсем Орынбай XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 11:45