Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
Бокстан 81 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
Финалдық айқаста Әділбек кубалық боксшы Хулио Сесар Ла Круспен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте отандасымыз 3:0 есебімен ұтылды.
Бірінші раундтан бастап қазақстандық белсенділік танытып, ширақ шабуылдарымен алға ұмтыла түсті. Дегенмен бірінші раундта төрешілер кубалыққа басымдықты берді.
Ал екінші раундта Әділбек Ниязымбетовтің бірнеше соққысы дәл тигенмен, төрешілер екінші үшминуттықты да Хулио Сесар Ла Крустың еншісіне жазды.. Шешуші раундта да барын салып жұдырықтасқан отандасымыз қарсыласына оңайлықпен есе жіберген жоқ, алайда бұл жолы да Әділбек Ниязымбетов ұтылды.
Айта кетсек, 27 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері Қазақ елінің қоржынына 13-ші медальді салды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыСемсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:25
Ушу-саньда: Абдурашид Абдуллаев - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының чемпионы
24.09.2026, 07:15
Артем Саркисян Семсерлесуден жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 14:00
Стенд ату: Әсем Орынбай XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 11:45