Данияр Елеусінов - Рио Олимпиадасының чемпионы (ВИДЕО)
Төрт жылда бір келетін жазғы Олимпиада ойындарында Данияр Елеусінов ешкімге дес бермеді. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды.
Қазақ былғары қолғап шебері ақтық сында өзбек боксшысы Шахрам Гиясовқа қарсы жекпе-жек өткізіп, 0:3 (28:29, 28:29,28:29) есебімен жеңіске жетті.
Кездесу басталысымен отандасымыз ширақ қимылдап, алыстан, ашық айқасқа бармай алғашқы раундты өз пайдасына шешті. Екінші раундта да өзбекстандық боксшының жерлесімізге қауқары жетпеді. Шешуші раундты сауатты өткізген Данияр бұл жолы да Шахрамға еш мүмкіндік бермеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл - Қазақстан қоржынына түскен 11-шы медаль. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 5 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 17-орынға жайғасты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45