Олимпиада-2016. Тамыздың 16-сы күні өткен жарыстардың қорытындысы
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы XXXI жазғы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан қазақстандық спортшылар тамыздың 16-сы күні спорттың 3 түрі бойынша сынға түсті.
Байдаркада 200 метрге ескек есу сайысында Қазақстанның намысын қорғаған Инна Клинова А финалында 41,521 секунд көрсеткішімен сегізінші орынға табан тіреп, жарысты тоқтатты.
Қазақстандық Ирина Подойникова мен Наталья Сергеева Олимпиада ойындарында байдаркада 500 метрге жұптық есуден жетінші орынды иеленді. Ақтық сында байдаркашыларымыздың көрсеткіші – 1 минут 48,361 секундты құрап, келесі кезеңге өте алмады.
Жеңіл атлет Анастасия Пилипенко Олимпиадада жартылай финалға шыға алмады. 100 метр қашықтықты кедергілер арқылы 13,29 секундта жүгіріп өткен қазақстандық атлет жалпы есепте 39-орынға орналасты.
Өкінішке орай, бүгін шаршы алаңға шыққан боксшы қызымыз Жайна Шекербекова да жарысты жалғастыра алмайтын болды. 51 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Жайна француз қызы Сара Урамунмен кездесіп, 3:0 есебімен жеңілді.
Есесіне бүгін 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Әділбек Ниязымбетов ұлыбританиялық Джошуа Буатсиге қарсы шығып, үш раундты да жеңіспен аяқтады. Енді ол финалда кубалық Хулио Сесар Ла Круспен кездеседі.
Әділбектің жеңісінің ізін ала ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Иван Дычко нигериялық Эфе Аджагбаны жеңіп, жанкүйерлерді бір серпілтіп тастады. Нигериялықты үш рауанд бойы соққының астына алған Иван Дычко жартылай финалға сенімді түрде өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45