«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Қазақстан Барысы-2016» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып жатқан «Қазақстан Барысы» турнирі 3-ші шілде күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Биылғы жарысқа Астана мен Алматы қалаларынан бөлек, 14 облыстан 30 палуан қатысады. Сондай-ақ, биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған «Әскер барысы» және былтырғы «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің жеңіпаздары жарысқа іріктеусіз қатыспақ.
Ауылдық, аудандық және облысытық іріктеулерден сүрінбей өтіп, «Қазақстан Барысы-2016» турнирінің ақтық бәсекесіне қатысатын палуандар тізімі:
Ақмола облысы: Леонид Станеев, Мереке Тұрашев.
Ақтөбе облысы: Дархан Темірханов, Нұрсұлтан Иманғазин.
Алматы облысы: Ұлан Рысқұл.
Атырау облысы: Сұңғат Закарияев, Кенжебек Күзембаев.
Батыс Қазақстан облысы: Олжас Сүлейменов, Сержан Ерлан.
Жамбыл облысы: Айбол Айтбек, Дәулетхан Жақыпов.
Қарағанды облысы: Асыл Бәрменов, Бекзат Ахметбеков.
Қызылорда облысы: Еламан Ерғалиев, Руслан Әбдіразақов.
Қостанай облысы: Ерлан Омаров, Абылайхан Қасымхан.
Маңғыстау облысы: Нұрдәулет Жарылғапов, Ербол Игілік.
Оңтүстік Қазақстан облысы: Жұманазар Ерсұлтанов, Нұрсұлтан Мыңғышов.
Павлодар облысы: Еркебұлан Егінбаев, Самир Мәмедов .
Солтүстік Қазақстан облысы: Алтынбек Аусағитов, Дулат Алпысов.
Шығыс Қазақстан облысы: Асхат Құсайынов, Александр Касачев.
Алматы қаласы: Виктор Демьяненко, Бауыржан Қабай.
Астана қаласы: Айбат Сейтен, Айтуар Абдулов.
«Әскер Барысы»: Талғат Әмренов.
«Қазақстан Барысы – 2015»: Бейбіт Ыстыбаев.
Айта кетейік, 3-ші шілде күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Қазақстан Барысы-2016» турнирін сағат 13:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00
«Реал Мадрид» - «Интер»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:10
«Брюгге» - «Астон Вилла»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:00
Астанада алғаш рет жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді
08.09.2026, 13:30
Елена Рыбакина US Open турнирінде ширек финалға жолдама алды
08.09.2026, 09:45