Орал қаласында республикалық «Жас Барыс» турнирі өтеді
Қарашаның 4-7 күндері қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турнирі төртінші рет жалауын көтереді.
Оралда өтетін жас оғландардың белдесуі биыл тартысты болғалы тұр. Жас мөлшеріне қарай үш топ бойынша өтетін республикалық турнирге 260 палуан қатысып, әр салмақ бойынша мықтыны анықтайды. Биылғы жарыс Орал қаласындағы «Арман» спорт кешенінде өтпек.
«Жас Барысқа» қатысушылар жас шамасына қарай мынадай топтарда күреседі:
1. Балалар (2000-2001 ж.т., 14-15 жас)
2. Жасөспірімдер (1998-1999 ж.т., 16-17 жас)
3. Жастар (1996-1997 ж.т., 18-19 жас).
Бұл республикалық турнир IV кезең бойынша өтеді. Яғни, қатысушылар әуелі І-ІІ кезеңде ауылдық елді мекендер мен аудандық іріктеуден (2015 жылдың 15-30 қыркүйегі арасында) өтуі тиіс. ІІІ кезеңде облыстық (қалалық) іріктеу жарыстарында сынға түссе (2015 жылдың 1-31 қазаны күндері аралығында), ІV кезеңде үздік шыққандар турнирдің финалына жолдама алады (4-7 қараша күндері).
Шарт бойынша палуандар жас шамасына қарай мынадай салмақта кілемге шығады:
14-15 жастағы балалар: 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73, + 73 келі салмақ дәрежелері
16-17 жастары жасөспірімдер: 46, 51, 57, 64, 72, 81, +81 келі салмақ дәрежелері
18-19 жастағы жастар: 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежелері.
Турнирдің жүлдегерлеріне Спорт және дене шынықтыру істері комитеті тарапынан планшет, фотоаппарат, смартфон (ұялы телефондар), диплом және медальдар тапсырылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өтеді
05.03.2026, 11:11
Юлия Путинцева WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады
05.03.2026, 10:00
Дзюдо: Аустриядағы Гран-приге баратын қазақстандық спортшылар белгілі болды
04.03.2026, 18:12
Конькимен жүгіруден 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
03.03.2026, 15:32
Спорттық гимнастикадан Бакуда өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімі жарияланды
03.03.2026, 11:21
Қазақстан құрамасы күрес түрлерінен Албанияда өткен турнирді 11 медальмен аяқтады
02.03.2026, 15:03
Астанада семсерлесуден Әлем кубогы өтеді
02.03.2026, 12:35
Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алты алтын медаль жеңіп алды
02.03.2026, 11:19