«Еуразия Барысы-2015». Қазақстан атынан бозкілемге шығатын палуандар кімдер?
9 қазанда Тараздағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтеді. Оған 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысады деп күтілуде.
Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, - 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтеді.
Осыған орай, Қазақстан атынан бозкілемге шығатын палуандармен таныс болыңыздар.
55 келіге дейін:
Айдос Сейпілұлы, Қазақ күресінен әлем чемпионы
66 келіге дейін:
Бағдаулет Сәбитұлы, Қазақ күресінен Азия чемпионы
74 келіге дейін:
Ринат Махмутов, Қазақстан Кубогының иегері
82 келіге дейін:
Мақсат Мәзібаев, Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы
90 келіге дейін:
Бекзат Ахметбеков, Қазақ күресінен 2 дүркін Азия чемпионы
100 келіге дейін:
Мұхит Тұрсынов
Туған жылы – 1988.
Бойы: 185 см
Салмағы: 95 келі
Жетістіктері:
– Қазақ күресінен Әлем кубогының жеңімпазы (2011 ж.);
– Қазақ күресінен Әлем чемпионы (2013 ж.);
– 2014 жылы «Қазақстан Барысы» атанды (2014 ж.).
100 келіден жоғары:
Айбек Нұғымаров
Туған жылы – 1987.
Бойы: 189 см
Салмағы: 138 келі
Жетістіктері:
– Қазақ күресінен екі дүркін Азия чемпионы (2011, 2014 жж.);
– Қазақ күресінен екі дүркін Әлем чемпионы (2011, 2013 жж.);
– 2013 жылы «Қазақстан Барысы» жеңімпазы (қазақ күресінен);
– «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің вице-чемпионы (2014 ж.).
Еске сала кетейік, «Еуразия Барысы-2015» жарысын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін сағат 11:50-де тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00
«Реал Мадрид» - «Интер»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:10
«Брюгге» - «Астон Вилла»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:00
Астанада алғаш рет жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді
08.09.2026, 13:30