Алтын белбеу. Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанды
Қызылордада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысы өтті. Биыл 6-шы рет өткен бәсеке жанкүйерлер қауымының қызыға тамашалаған шарасына айналды.
«Алтын белбеу» жарысы 1 айдан астам уақытқа созылған. Боз кілемдегі палуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсті. Әуелі елді мекендерден басталған биылғы жарыстың аудандық, қалалық, облыстық іріктеу турларына барлығы 7152 спортшы қатысқан. Жарыстың үшінші кезеңіндегі финалдық белдесулерге Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 256 палуан сынға түскен.
Түйе палуан сайысына 22 спортшы қатысты. Олардың арасында аралдық Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанды. Оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 миллион 200 мың теңгенің сертификаты табысталды. «Сыр Арланы» титулын иеленген жалағаштық Руслан Әбдіразақовқа 700 мың теңгенің сертификаты берілсе, «Сыр Сұңқары» - Айбек Серікбаевқа 300 мың теңге иеленді.
Сондай-ақ, әр жас ерекшеліктері бойынша 1,2,3 орындарды иеленген спортшылар алғыс хаттармен марапатталып, оларға да қаржылай сыйлықтар жасалынды.
5 шілде күні Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан Н.Сәлімгереев пен Р.Әбдіразақов облыс намысын қорғайтын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05