Әр өңірде ұлттық спорт мектептерін ашу қажет - Е.Қанағатов
Қазақстанда ұлттық спорт түрлерін дамыту үшін бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орталық қажет. Бұл туралы бүгін Алматыда «Бүркітші» федерациясы мен мемлекеттік органдардың арасында қыран құстарды қорғау бойынша байланыс орнату» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті.
Оның айтуынша, Қазақстанда ұлттық спорт түрлерін дамытатын уақыт келіп жетті.
«Құсбегілік - елімізде кенжелеп қалған өнер. Кезінде ол не өнер емес, не спорт емес, бір ауыр күй кешкен кезде құсбегілікпен айналысатын ақсақалдармен ақылдаса отырып, аң аулайтын жыртқыш құстарды баптау, аңға салу ережелерін жасап едік. Қазір ол мүлдем ескірді. Енді халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, құсбегіліктің жалпы жаңа ережелерін, әдістемесін жасап, оны ұлттық спорттың бір түрі ретінде әрі қарай дамытуымыз қажет. Ол үшін бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орталық ашу қажет деп санаймын. Міне, сол орталықта көкпар, тоғызқұмалақ, бүркітшілік, барлық ұлттық спорт түрінің мамандары жиналып, әркім өз саласын дамыту бойынша жұмыс жасар еді. Одан кейін әр облыста ұлттық спорт мектептерін, бөлімшелерін ашып, онда жастарды ұлттық спорт түрлеріне үйретуіміз керек», - деді Е.Қанағатов.
Айта кетейік, бұл жиынға құсбегілер, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ зоолог және биолог ғалымдар қатысты.
© REUTERS/ Shamil Zhumatov
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05