Қазақстандық Нұрбек Қабиев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында екінші алтын медальді иеленді
«І Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында» қазақстандық спортшы екінші алтын медаль ұтып алды.
Нұрбек Қабиев дүбірлі додада «Тогуз коргоол» интеллектуалды ойынында жеке есепте 4,5 ұпаймен бірінші орынға ие болды. Екінші және үшінші орынды Қырғыз елінің спортшылары өзара бөлісті.
Қазақша күрестен Қазақстан ұлттық құраманың бас бапкері Жеңіс Биткөзов хабарлағандай, жерлесіміз Нұрзат Бегасылов «Алыш» атты қырғыз ұлттық белбеу күресінде 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
Бүгінгі күн Қазақша күрес сайысына арналды. Кей салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жектер өтті. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақтық сынға қазақстандықтар Ақтөре Жайлыбек және Әлішер Мұхамеджанов жолдама алды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қуаныш Ысқақов пен Амангелді Сатыбалдинов, 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Тойбергенов пен Әлімжан Жұмахметов жартылай финалда мүмкіндіктерін көрсетеді.
«Асық ату» ұлттық ойыны бойынша Қазақстан құрамасы «Ордо» ұлттық қырғыз ойынында Қырғыз елінің бірінші құрамасын (спорттың кей түрі бойынша Қырғыз Республикасының намысын 2 құрамадан қорғаудан) алға жіберіп алды.
Ертең қазақстандықтар Қырғызстанның екінші құрамасымен ойнайды.
Фото: inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі
13.06.2026, 06:00
Ресми: Жозе Моуринью «Реал Мадридке» оралды
12.06.2026, 15:00
Бернарду Силва «Реал Мадрид» ойыншысы атанады
12.06.2026, 13:10
Қытайдағы Әлем кубогына қатысатын боксшылар тізімі белгілі болды
12.06.2026, 12:00
Футболдан Әлем чемпионаты АҚШ пен Парагвай ойнады
12.06.2026, 11:30
Футболдан Әлем чемпионатында қолданылатын жаңа ережелер
12.06.2026, 10:30
Оңтүстік Корея жеңіске жетті
12.06.2026, 09:00
Мексика Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
12.06.2026, 07:35