Батыс Қазақстан облысында Ораза айт мейрамына орай ұлттық ойындар ұйымдастырылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен және Орал қаласының әкімдігі қолдауымен Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы алаңда 1999-2000 жылғы жасөспірімдер арасында арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ және қазақ күресінен жарыс өтіп, жеңімпаз-жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алаңдағы айт мерекесінде ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов жиналғандарды құттықтап, Елбасымыздың саясаты арқасында елде тыныштық орнап, бірлігіміз артып отырғанын атап өтті. Осы мақсатта Ораза айт мейрамын ұлттық нақышпен өткізіп, жас ұрпақтың бойында имандылықты ұйытып, жақсылық істерге жетелеудің маңызы зор. Орал қаласы әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев те игі тілегін жеткізді.
Айтулы мерекеде өнер жұлдыздары күмбірлеген күйлер орындап, әсем әндерден шашу шашты. Айта кетейік, Ораза айт мерекесін тамашалауға өзге ұлт өкілдері де қатысып, айт мейрамының мән-маңызын ұғына түсті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05