«Алматы Барысы» турнирінің жеңімпазы – Арслан Абдамит
Бүгін Алматыда қазақ күресінен «Алматы Барысы» турнирінің жеңімпазы анықталды. Бірінші орынды қаланың Жетісу ауданы атынан бозкілемге шыққан 28 жастағы Арслан Абдамит жеңіп алды. Салмағы - 100 келі. 2013 жылғы «Алматы Барысы». Қазақ күресінен Қазақстан кубогы турнирінің жеңімпазы. Арслан Абдамитке 1 миллион теңге табыс етілді.
Екінші орын - Жетісу ауданы атынан күрескен 23 жастағы Бақыт Исмағұловтың қанжығасында кетті. Оның да салмағы 100 келі. Қазақ күресінен спорт шебері. Белбеу күресінен Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері. Бақытқа 500 мың теңге табыс етілді.
Ал үшінші орынды Алатау ауданы атынан сайысқа түскен 30 жастағы Жайдар Сайлаубаев иеленді. Ол қазақ күресінен және самбодан спорт шебері. Осы спорт түрлерінен ел біріншіліктерінің жүлдегері. Салмағы 80 келі. Жайдар теледидармен марапатталды.
Енді осы іріктеу турнирінде бірінші және екінші орын алған палуандар 29 маусымда Астана қаласында өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде Алматы қаласының намысын қорғайтын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05