Елдос Жұмаханов дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль иеленді
Кувейттің астанасы Эль-Кувейтте дзюдодан Азия чемпионаты өтуде. Жарысқа Қазақстан ерлер Ұлттық құрамасынан сегіз және әйелдер құрамасынан 12 спортшы қатысуда.
Ал, жарыстың алғашқы күні 66 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Жұмаханов Азия чемпионатының қола медалін ұтып алды.
Ол алғашқы айналымда үнділік Сингх Жаслин Саиниді ұтты. Осыдан кейін жерлесіміз өзбекстандық Ришод Собировты жеңіп, жартылай финалға шыққан. Алайда, бұл кезеңде Елдос Томофуми Такдзоға есе жіберді. Осылайша ол Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін қытайлық Дуанбин Мамен кездесіп, жеңіске жетті.
Өкіншке орай, жарыстың алғашқы күні ешбір қазақстандық дзюдошы финалға шыға алмады. Осы уақыттағы нәтиже бойынша қыздар арасында 48 келіде сынға түскен Александра Подрядова «қола» үшін күресіп, Солтүстік Корея елінің спортшысына есе жіберді. Сонымен қатар, 60 келі салмақ дәрежесінде күрескен Елдос Сметов те қола үшін кездесуінде қырғыз Отар Бестаевқа жеңіліп қалды.
Айта кетейік, 13-15 мамыр аралығында өтетін дзюдодан Азия чемпионатын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
Көрсетілім кестесі:
13 мамыр. 19:45. ДЗЮДО. Азия чемпионаты (Кувейт). 1-ші күн
14 мамыр. 19:45. ДЗЮДО. Азия чемпионаты (Кувейт). 2-ші күн
15 мамыр. 19:45. ДЗЮДО. Азия чемпионаты (Кувейт). 3-ші күн
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39