Жанат Жақиянов: Барлық жеңісімді Қазақстанға арнаймын!
Жеңіл салмақта жұдырықтасатын (53,525 келі) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов қатарынан 10-шы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Грузия елінің боксшысы Гаги Эдишерашвилиді жеңген жерлесіміз өзінің EBU тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы атағын қорғап, WBC тұжырымы бойынша Еуразия чемпионы атағын жеңіп алды.
– Жанат, 12-ші қараша күні Сіз Австралияда жергілікті боксшы Фред Мандрабимен жекпе-жек өткізесіз. Ол туралы не білесіз?
– Мен Австралияда EBU бойынша Еуропа және WBC тұжырымы бойынша Еуразия чемпионы атақтарымды қорғаймын. Мандробидің мықты және әлсіз тұстарын зерттеудемін.
– Сіз бірнеше бокс ұйымының тұжырымы бойынша үздік 10 боксшы қатарындасыз. Өзіңіз қай бокс ұйымының тұжырымы бойынша жоғарылағыңыз келеді?
– Қазір өз салмағымда бірнеше ұйымның үздік 10 боксшысы қатарындамын. Алайда WBC тұжырымы бойынша 2-ші орында келемін. Сондықтан біздің мақсатымыз – Әлем чемпионы атағына міндетті үміткер қатарына көтерілу.
– Қазақстандық жанкүйерлеріңізге айтар тілегіңіз бар ма?
– Мен өз командама: промоутерім Рикки Хаттонға, менеджерім Филип Фондю мен Ерік Жайлауовқа, сонымен қатар бапкерлерім Рикки Хаттон мен Майк Джексонға рахмет айтқым келеді, бұл біздің ортақ жеңіс. Барлық жеңісімді өзімнің Отаным – Қазақстанға арнаймын! Маған қолдау көрсетіп, жанкүйер болған барша адамға алғыс айтамын!
sports.kz
Фото: hattonboxing.com
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30