«Президент кубогы - 2016» жарысына барша әлемнің спортшылары қатысады
25 мен 31 шілде аралығында Ұлттық теннис орталығында «Президент кубогы - 2016» халықаралық турнирі өтеді. Жарыс барысында кәсіпқой ерлер мен әйелдер шеберлік байқасады. Сонымен қатар, балалар мен әуесқой спортшылар да бағын сынайды, - деп хабарлайды Астана Әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Президент кубогы» турниріне қатысатын спортшылар саны жыл өткен сайын артып келеді.
– Президент кубогы өте маңызды жарыс. Себебі, көптеген үздік теннисшілер келеді. Әрине, жарыс ұпайлар жағынан ғана емес, құрама командалары, теннистің дамуы жағынан да маңызды. Президент кубогы Қазақстандағы ең үлкен жарыс. Жүлде қоры - 125 мың АҚШ доллары, 25-26 елден теннисшілер келеді, Германия, Франция, Ұлыбритания. Сондықтан, – деді Қазақстанның теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев.
Кубокта 12 жасқа дейінгі балаларда жарысқа түседі. Осылайша, жас спортшылар әлемнің жетекші теннисшілерінің ойынын тамашалап, шеберлік дәрістерге қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Аталған спорт түрінің әуесқойлары да додадан тыс қалмайды. Спортшылар ІІІ Astana Open – 2016 республикалық турнирінде күш сынасады.
– Жарысқа үлкен көңіл бөлеміз. Бұл жарыс - теннис мейрамы. Оған әйелдер мен ерлер де, 12 жасқа дейінгі балалар да қатысады. Балалар рейтинг ұпайларын жинайды. Жарыс әуесқой теннисшілер арасында да өтеді. Астанада инфрақұрылым мүмкіндік беретіндіктен дода осында өтіп жатыр. Қалада 24 корт бар.
Айта кетейік, дәстүр бойынша шілде айының соңында өткізілетін жарыста бапкерлер де бас қосады. Шара барысында олар да өзара тәжірибе алмасатын болады.
Дерек көзі: astana.gov.kz/
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05