Зарина Диас 2014 жылды 33 орында аяқтады
Зарина Диас 2014 жылды Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингісінде 33 орында тұрақтады.
WTA-ның 29 желтоқсан күні 2014 жылғы рейтингісінің соңғы нұсқасы жаңартылды. 21 жастағы қазақстандық теннисшінің рейтингтің аталған сатысына 10 қарашада көтерілген. Бұл – Зарина Диастың спорттық жолындағы үздік жетістігі.
Үздіктер «жүздігіне» кіретін Қазақстанның тағы бір өкілі Ярослава Шведова 65-ші орында тұрақтады. Юлия Путинцева 115-ші орында тұрса, Галина Воскобоева биылғы жылды 259-шы орынмен аяқтады.
WTA рейтингі. ТОП-10. 29 желтоқсандағы нұсқасы:
1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 8485 ұпай,
2 (2). Мария Шарапова (Ресей) - 7050,
3 (3). Симона Халеп (Румыния) - 6292,
4 (4). Петра Квитова (Чехия) - 5966,
5 (5). Ана Иванович (Сербия) - 4820,
6 (6). Агнешка Радваньска (Польша) - 4810,
7 (7). Эжени Бушар (Канада) - 4715,
8 (8). Каролина Возняцки (Дания) - 4625,
9 (9). Ангелика Кербер (Германия) - 3480,
10 (10). Доминика Цибулкова (Словакия) - 3052.
Еске сала кетейік, америкалық теннис шолушысы Мэтт Кронин Зарина Диастың өткен маусымның ішіндегі қол жеткізген жетістіктерін бағалап, Қазақстанның бірінші ракеткасы қарқынды өсіп келе жатқанын айтқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00