А.Храпатый атындағы жарыстың екінші күнгі нәтижелері
А.Храпатыйды еске алуға арналған турнирдің екінші күні 63 кг, 69 кг, 75 кг және +75 кг салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
63 келі салмақтың қоссайыс бойынша Фаина Сиванбаева 228 келіні бағындырып, (103+125) бірінші орын, және 219 кг (98+121) көтерген Сәуле Садуақасова екінші орынды иеледі.
69 келі салмақта Карина Горичева 252 келі (116+136) салмақты көтеріп, бірінші орын иеленді. Екінші орында - Мадина Астамирова 162 кг (72+90) салмақпен, үшінші орында Святослава Павлюк 145кг (67+78) салмақпен орналасты.
Алғашқы күнгі жарысқа 48, 53 және 58 келі салмақ дәрежесіндегі қыздар шыққан.
53 келі салмақ дәрежесінде қоссайыс нәтижесі бойынша 173 келіні (75+98) бағындырған Әсел Амангелді бірінші орында, 133 кг (58+75) көтерген Александра Лачкова екінші орында және 98 кг (43+55) қорытынды салмақпен Наталья Корнилюк үшінші орында орналасты.
58 келі салмақ дәрежесінде Маргарита Елисеева топ жарды. Ол - 197 келіні бағындырды (86+111). Екінші орында 153 кг (68+85) салмақты көтерген Ақмарал Үргешбаева мен үшінші орында 133 кг (59+74) Кристина Шкуренко көрінді. 48 келі салмақ дәрежесінде бір-ақ қана қатысушысы болған Галина Мамотова екі жаттығу бойынша 132 кг (59+73) көтерді.
Бұл турнир 23-30 маусым аралығында өтетін Азия чемпионатына іріктеу турнирі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45