IV Алматы Марафонының рекорды жаңартылды
Биылғы Алматы Марафонына әлемнің 40 елінен 19 мың қатысушы шыққан. Айта кетейік, 2012 жылы ұйымдастырылған алғашқы Марафонға 2600 адам қатысқан еді. Бұл осындай ауқымдағы Орталық Азияда өткен алғашқы марафон.
Ал, қашықтығы 42 шақырым 195 метр болған IV Алматы Марафонын ерлер арасында Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласынан келген 28 жастағы спорт шебері Адрей Лейменов жеңіп алды. Ол бұл марафонды 2 сағат 35 минут 51 секундта жүгіріп өткен. Өткен жылғы чемпион Алмат Имашев (02:36:21) биыл үшінші нәтиже көрсетті - 02:54:20. Екінші орында Георгий Шейко. Оның көрсеткіші - 02:37:50.
«Бұл менің өмірімдегі екінші марафон. Бірінші рет өткен жылы Мәскеу Марафонына қатысқан едім. Жалпы, кез келген марафон адам ағзасына үлкен сын. Ал бұл жерде Алматы Марафонының орны ерекше. Ол өте күрделі марафондардың бірі. Сондықтан бұл бәсекеге Ыстықкөлде бір айдан аса уақыт тыңғылықты дайындалдым», - деді жеңімпаз.
Ал, әйелдер арасында супер марафоннан бірініші орынды өткен жылғы жеңімпаз Гүлжанат Жанатбек жеңіп алды. Оның көрсеткіші: 02:52:18.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39