Татьяна Капустина жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Қазақстандық зілтемірші Татьяна Капустина Лимада (Перу) өтіп жатқан Әлем чемпионатындағы 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында алтын жүлде жеңіп алды.
69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Капустина екі жаттығу қорытындысы бойынша 243 келі (110 + 133) салмақ көтерген.
Бұл Қазақстан Ұлттық құрамасының Перудегі екінші алтын жүлдесі. Осы уақытқа дейін ерлер арасындағы 50 келіге дейін жарыста Игорь Сон Әлем чемпионы атанған.
Сонымен қатар, қыздар арасында Әйгерім Әуелбек (58 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, ұлдар арасында Шыңғыс Сағындықов (85 келіге дейін) Әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39