Игорь Сон Ауыр атлетикадан жастар арасында Әлем чемпионы атанды
Қазақстандық ауыр атлетші Игорь Сон Перу астанасы Лимада өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпинатында алтын жүлдеге қол жеткізді.
Игорь жұлқа көтеруде 92 келіні көтерсе, серпе көтеруде 116 келіні бағындырған. Ал, қос сайыс нәтижесі бойынша 208 келіні еңсеріп, жастар арасында Әлем чемпионы атанды.
Күміс жүлдені вьетнамдық Ли Нгуеин (202) иеленсе, ресейлік Зульфат Гараев (201) қола жүлдегер атанды.
Жарысқа шығатын қазақстандық ауыр атлеттер тізімі:
9 сәуір: Игорь Шварц (56 кг) — жастар арасында Қазақстан чемпионы:
10 сәуір: Әйгерім Аулбек — жастар арасында Азия чемпионатының жүлдегері, Арыстанбек Жақанша (69 кг) — жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының жүлдегері:
11 сәуір: Шыңғыс Сағындықов (85 кг) — жастар арасында Қазақстан чемпионы:
11-12 сәуір: Татьяна Капустина (+69 кг) — жастар арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, жастар арасында Қазақстан чемпионы.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39