Ненад Эрич: Маған негізгі құрама сапынан орын берілсе, үмітті ақтауға тырысамын
Қазақстан Ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Исландия құрамасымен өткізетін матчтқа дайындықты бастады.
Кеше футболшылар «Астана Арена» стадионында алғашқы жаттығуын өткізді. Бүгіннен бастап күніне екі рет жаттығу өткізеді.
Астанаға қосымша тізімнен «Ордабасы» қақпашысы Андрей Сидельников шақырылды. Ол Ненад Эрич, Стас Покатилов, Владимир Логиновский және Владимир Плотниковпен қатар Виталий Кафановтың жетекшілігімен дайындалады.
«Құраманың көңіл-күйі жақсы. Барлығы күшін толық жұмсап, жұмыс істеуде - дейді Премьер-Лиганың үшінші турында алған жарақатына қарамастан дайындық жүргізіп жатқан Қазақстан Ұлттық құрамасының қақпашысы Ненад Эрич, – Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алу - мен үшін аса маңызды, Өзімді жақсы сезініп жүрмін, жаттықтырушылар негізгі құрамның орнын сеніп тапсырса, үмітті ақтауға тырысамын.
Исландия - қазіргі таңда топ көшбасшыларының бірі. Командада Еуропаның жетекші чемпионаттарының футболшылар жинақталған. Мен олармен ойнауға болады деп ойлаймын. Біз оларға жеңіске деген ынтаны, тактикалық сауатты әрекеттерді ұсына аламыз. Алаңда күшімізді толық жұмсаймыз. Бас бапкер теориялық жиында қарсыластың әлсіз тұстарын көрсетеді. Оларды пайдаланып, нәтижеге қол жеткізуге болады.
Біз үшін Исландмиямен өтетін ойынға жанкүйерлердің көп келгені маңызды. Өйткені, біздің 12-ші ойыншының қолдауы жасыл алаңдағы тартыста қарсыласты жеңуге жігер береді.
Еске сала кетейік, Қазақстан - Исландия матчы 28 наурыз күні сағат 21:00-де «Астана Арена» спорт кешенінде басталады. Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
KFF
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мексика - Оңтүстік Корея: Тікелей эфир
18.06.2026, 21:30
Канада - Қатар: Тікелей эфир!
18.06.2026, 21:00
Швейцария - Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
18.06.2026, 21:00
Чехия - ОАР: Тікелей эфир!
18.06.2026, 18:00
Колумбия Өзбекстанды жеңді
18.06.2026, 11:00
Гана соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды
18.06.2026, 07:45
Англия Хорватиядан басым түсті
18.06.2026, 05:45
Португалия мен Конго ДР ұпай бөлісті
18.06.2026, 00:30