Ойрат Сәдуов футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U19) жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды
Бұл туралы Ерлан Қожағапанов Қазақстан футбол федерациясының жаттықтырушылар кеңесінде айтты.
Ойрат Сәдуов павлодарлық «Ертіс» пен қарағандылық «Шахтер» командаларында ойнаған. Спорттық карьерасын аяқтағаннан кейін Қазақстан жастар құрамасы, павлодарлық «Ертіс», өскемендік «Восток», «Тараз», «Астана-1964» командаларын жаттықтырған.
Ол Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мен елордалық «Бәйтерек» командасында қатар жұмыс істейді. «Бәйтерек» клубы 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының базалық командасы саналады.
«Ойрат Батайұлы тәжірибелі және кәсіби жаттықтырушы. Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасымен жұмыс істейтін бапкерге үлкен үміт артамыз. Қазақстан футболшылары Хорватия, Венгрия және Черногория құрамаларымен бір топқа түсті. Біз бұл іріктеу турнирінде үлкен міндет қойып отырмыз. Өз тобымыздан екінші орын алу. Менің ойымша, бұл қиын тапсырма, бірақ орындауға болады», - дейді Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мексика - Оңтүстік Корея: Тікелей эфир
18.06.2026, 21:30
Канада - Қатар: Тікелей эфир!
18.06.2026, 21:00
Швейцария - Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
18.06.2026, 21:00
Чехия - ОАР: Тікелей эфир!
18.06.2026, 18:00
Колумбия Өзбекстанды жеңді
18.06.2026, 11:00
Гана соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды
18.06.2026, 07:45
Англия Хорватиядан басым түсті
18.06.2026, 05:45
Португалия мен Конго ДР ұпай бөлісті
18.06.2026, 00:30