Фабио Капелло Қазақстан құрамасына қарсы шығатын футболшылар тізімін жариялады
Футболдан Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло Қазақстан Ұлттық құрамасымен жолдастық кездесуге және Еуро-2016 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Черногорияға қарсы алаңға шығатын футболшылардың кеңейтілген құрамын жариялады.
Кеңейтілген құрамға 42 футболшы енген. Алдағы уақытта олардың саны 23-ке дейін қысқарады.
Ресей құрамасының кеңейтілген тізімі:
Қақпашылар: Игорь Акинфеев («ЦСКА» Мәскеу), Владимир Габулов («Динамо» Мәскеу), Юрий Лодыгин («Зенит» Санкт-Петербург), Артем Ребров («Спартак» Мәскеу);
Қорғаушылар: Василий Березуцкий, Сергей Игнашевич, Георгий Щенников (үшеуі де – «ЦСКА» Мәскеу), Юрий Жирков, Алексей Козлов (екеуі де – «Динамо» Мәскеу), Александр Жиров («Волгарь» Астрахань), Вячеслав Караваев («Дукла» Чехия), Дмитрий Комбаров, Евгений Макеев, Сергей Паршивлюк (үшеуі де – «Спартак» Мәскеу), Виталий Лысцов («Бенфика» Португалия), Эльмир Набиуллин («Рубин» Қазан), Андрей Семенов («Терек» Грозный), Игорь Смольников («Зенит» Санкт-Петербург);
Жартылай қорғаушылар: Юрий Газинский, Роман Широков (екеуі де – «Краснодар» Краснодар), Денис Глушаков («Спартак» Мәскеу), Максим Григорьев («Ростов» Ростов), Игорь Денисов («Динамо» Мәскеу), Алан Дзагоев («ЦСКА» Мәскеу»), Руслан Камболов, Магомед Оздоев (екеуі де - «Рубин» Қазан), Алексей Миранчук («Локомотив» Мәскеу), Павел Могилевец, Александр Рязанцев, Олег Шатов (үшеуі де – «Зенит» Санкт-Петербург);
Шабуылшылар: Денис Давыдов, Вячеслав Кротов (екеуі де – «Спартак» Мәскеу), Артем Дзюба, Дмитрий Полоз (екеуі де – «Ростов» Ростов), Дмитрий Ефремов («ЦСКА» Мәскеу), Алексей Ионов, Александр Кокорин (екеуі де – «Динамо» Мәскеу), Максим Канунников, Игорь Портнягин (екеуі де – «Рубин» Қазан), Александр Самедов («Локомотив» Мәскеу), Денис Ткачук («Крылья Советов» Самара), Денис Черышев («Вильярреал» Испания).
Ресей мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 31 наурыз күні «Арена Химки» стадионында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мексика - Оңтүстік Корея: Тікелей эфир
18.06.2026, 21:30
Канада - Қатар: Тікелей эфир!
18.06.2026, 21:00
Швейцария - Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
18.06.2026, 21:00
Чехия - ОАР: Тікелей эфир!
18.06.2026, 18:00
Колумбия Өзбекстанды жеңді
18.06.2026, 11:00
Гана соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды
18.06.2026, 07:45
Англия Хорватиядан басым түсті
18.06.2026, 05:45
Португалия мен Конго ДР ұпай бөлісті
18.06.2026, 00:30