«Астана» клубының бас бапкері алдағы жоспарлармен бөлісті
Қазақстан Суперкубогының иегері елордалық «Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов жеңістің әсерімен және алдағы жоспарлармен бөлісті.
Станимир Стойлов, «Астана» ФК бас бапкері:
«Біздің дайындық кезеңіміз өте ұзаққа созылды. Биылғы, алғашқы маңызды жарыс Суперкубок болды. Маусымды Кубок алудан, жеңіспен бастадық, қуанышты әрине. Матчты пенальтиден ұтсақ та, жақсы ойын көрсеттік. Енді, әр ойында жеңіске талпынамыз. Бірнеше айдан кейін біздің клуб Чемпиондар лигасында Қазақстанның намысын қорғайды, ол жерде қателіктер жасауға болмайды. Сондықтан, дайындықты күшейте түспекпіз».
Футболдан Қазақстан чемпионаты 7 наурыз күні басталады. Алғашқы турда елордалық команда көкшетаулық «Оқжетпес» клубын өз алаңында қабылдайды.
Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойында елордалық клуб алматылық «Қайрат» клубын пенальти сериясы бойынша 3:2 есебімен ұтқан болатын. Ал, негізгі уақытта есеп ашылмаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мексика - Оңтүстік Корея: Тікелей эфир
18.06.2026, 21:30
Канада - Қатар: Тікелей эфир!
18.06.2026, 21:00
Швейцария - Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
18.06.2026, 21:00
Чехия - ОАР: Тікелей эфир!
18.06.2026, 18:00
Колумбия Өзбекстанды жеңді
18.06.2026, 11:00
Гана соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды
18.06.2026, 07:45
Англия Хорватиядан басым түсті
18.06.2026, 05:45
Португалия мен Конго ДР ұпай бөлісті
18.06.2026, 00:30