Александр Меркель – футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының футболшысы атанды
Бүгін, Астанада өткен баспасөз мәслихатында Александр Меркель мен Қазақстан Футбол федерациясы арасында швейцариялық «Грассхопперс» клубының жартылай қорғаушысының Қазақстан Ұлттық құрамасында ойнауы жөнінде келісімге келгені ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Ұлтты құраманың бас бапкері Юрий Красножан: «Біз Александр Меркельдің ойынын ұзақ уақыт бақыладық. Орталық алаңда олқы тұстар бар екенін түсіну керек, Александр Меркель орталық жартылай қорғаушының міндетін атқарады және сол олқылықтың орнын толтырады, деп есептейміз. Александр Меркельдің біздің құрамаға алынуы – қазақстандық футболдың барлық мәселесін шешеді деп емес, белгілі позицияларды нығайту екенін түсінген жөн», дейді.
Ал, Александр Меркель «Отанымның намысын қорғауды мақтан тұтамын, Қазақстан Футбол федерациясы туған еліме оралуға мүмкіндік бергеніне алғыс айтамын. Бұл мен және менің отбасым үшін үлкен маңызға ие. Қазақстан Ұлттық құрамасы жас әрі болашағы зор екенін білемін», дейді.
Еске сала кетейік, 28 наурыз күні Қазақстан Ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі кезекті ойынын өткізеді. Юрий Красножан шәкірттерінің қарсыласы – Исландия құрамасы. Александр Меркель Ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын Исландияға қарсы өткізуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30