Стивен Джеррард бар спорттық ғұмырын өткізген «Ливерпульден» кететінін мәлімдеді
Ағылшындық «Ливерпуль» (Liverpool) футбол клубының капитаны Стивен Джеррард осы маусымды аяқтап, командадан кетеді. Бұл туралы ойыншы клубтың баспасөз қызметіне хабарлаған.
«Бұл менің өмірімдегі ең ауыр шешім болды. Бұл шешім туралы қазір айтып отырмын. Өйткені менің болашағым туралы өсек пен қауесет бапкер мен командаға кедергі болмау керек», - деді Джеррард
«Бұл жаңалық клубпен байланысы бар адамдарды қатты әбігерге салды. Джеррар клубқа орасан зор үлес қосты, оның есімі аты аңызға айналған ойыншылардың тізімінде қалады», - деді «Ливерпуль» иелері Джон Генри мен Том Вернер.
Джеррард «Ливерпульдің» тәрбиеленушісі және клубта 1987 жылдан бері ойнайды. «Ливерпуль» құрамында жартылай қорғаушы Чемпиондар лигасын (2005), УЕФА Кубогы (2001) және УЕФА Суперкубогын (2001, 2005) жеңіп алған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30