Бауыржан Исламхан УЕФА шешімі бойынша маусымның үздік футболшысы атанды
УЕФА ұйымы «Қайрат» клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысын жергілікті футбол қауымдастығы арасында жүргізген сауалнама нәтижесі арқылы таңдаған.
«Бұл атаққа тек Бауыржан Исламхан ғана лайық деп айтуға болмайды. Себебі, оның командаласы «Қайрат» клубының капитаны Самат Смақов та, «Астана» командасының көшбасшысы Фокси Кетевоама да керемет маусым өткізді. Алайда, жергілікті клубтардың директорлары, бапкерлер мен капитандары арасында жүргізген сауалнама бойынша Бауыржан бәрінен көп дауыс жинады.
Қазан айында «Қайрат» клубының ардагерлері Самат Смақов ойыннан шектетілгеннен кейін 21 жастағы плеймейкер клубтың көшбасшысына айналды. Жанкүйерлер мен командаластары «Батори» деп атайтын жас ойыншы чемпионатта 31 ойын өткізіп, 5 гол соқты. Сонымен қатар, Ұлттық құрама сапынан негізгі орынды иеленді» - деп жазады УЕФА.
Еске сала кетейік, Бауыржан Исламхан ойнайтын «Қайрат» клубы осы маусымдағы ҚР Кубогын иеленді. Финалда олар «Ақтөбе» командасын 4:1 есебімен жеңді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30