Арсен Венгер «Арсенал» ойыншыларының денсаулығы туралы хабарлады
«Арсенал» клубының бас бапкері Арсен Венгер испаниялық Микель Артетаның 9-қарашада «Суонси» командасымен ойнамайтынын айтты. Себебі, жартылай қорғаушы сейсенбіде Чемпиондар Лигасы аясында «Андерлехтпен» болған тең ойында (3:3) жарақат алған.
«Артета жексенбіде ойнамайды. Ол жамбасының артқы жағын созып алды. Алайда, жарақат соншалықты ауыр болмағандықтан, ол қысқа уақытта айығуы керек. Микель ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты болатын үзілістен кейін ойнай алуы тиіс», - деп келтіреді Венгердің сөзін клубтың сайты.
Сонымен қатар, Арсен Венгер басқа ойыншылардың денсаулығы туралы мәліметтер айтты.
«Оливье Жиру жаттығуды келесі аптада бастайды. Джек Уилширде бәрі жақсы, ол жексенбі күні ойнауға дайын. Дебюши, Оспина мен Озил жарақаттарынан тез айығып келеді. Алайда, олар ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты үзілістен кейін қатарға қосылмайды. Тек Косельни ғана үзілістен кейін ойнауы мүмкін», - деді Арсен Венгер.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30