АПЛ. Хендерсон өзінің жаңа рөлін мақтан тұтады
«Ливерпуль» клубының жартылай қорғаушысы Джордан Хендерсон команданың вице-капитаны болу үлкен абырой екенін айтады.
Өткен аптада «Ливерпульдің» бас бапкері Брендан Роджерс жазда клуб сапынан кеткен Даниэль Аггердің орнына Хендерсонды команданың вице-капитаны етіп тағайындады.
«Бұл мен үшін үлкен абырой, сонымен қатар зор жауапкершілік. Бапкер маған осы уақытқа дейін қалай жұмыс істесем, сол қалыптан таймауды айтты. Сондықтан менің вице-капитан болуым мені ойыныма еш кедергі болмайды. Енді маған Стивен Джеррард көмек көрсетеді деп үміттенемін. Мен одан көп нәрсе үйренемін деп ойлаймын», - деп келтірді Хендерсонның сөзін Sky Sports.
Фото: footballtop.ru
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30