«Астана-1964» клубының жас футболшылары «Нумансия» академиясына қабылдануы мүмкін
Елордалық клубы Испаниядағы Сория қаласының «Нумансия» (толық атауы – «Club Deportivo Numancia de Soria») клубымен әріптестік туралы келісімшартқа қол қойды. Оның мақсаты – шетелдегі футбол орталығының спортшыларды жаттықтыру ерекшеліктері мен ғылыми-методикалық жұмысын зерттеу.
Әріптестік барысында испаниялық мамандар «№8 Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің арнайы спорт мектебі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына барып, онда «Нумансия» футбол клубының оқыту методикасын қолдану.
Сонымен қатар, спорт мектебінің шәкірттері 2002 жылы туған балалар арасында Астана футбол лигасының жеңімпаздары ретінде «Нумансия» футбол клубының 70 жылдығына арналған турнирге шақыру алды. Жарыс Испанияның Сория қаласында 2014 жылдың 1-10 қараша күндері өтеді. Ал, ең талапты балалар балалар «Нумансия» футбол академиясына қабылдануы мүмкін.
Бұл турнирге Астана футболшыларынан басқа, испаниялық «Нумансия», «Сан-Хосе» және «Галазанс» клубтары сынға түседі.
Фото: fc-astana64.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30