Еуро-2016. Нидерланд – Қазақстан ойыны тікелей эфирде көрсетіледі
2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында қазанның 10-ы күні Қазақстан Ұлттық құрамасы Амстердам қаласында Нидерланд футболшыларына қарсы ойын өткізеді.
Бұл кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы жұма, 10 қазаннан 11 қазанға қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 00:35-те тікелей эфирде көрсетеді.
Ал, қазанның 13-ы күні футболшыларымыз Астанада Чехия Ұлттық құрамасын қабылдайды.
Қазақстан құрамасы:
Қақпашылар: Владимир Логиновский («Астана»), Александр Мокин («Шахтер»), Стас Покатилов («Шахтер»), Андрей Сидельников («Ақтөбе»);
Қорғаушылар: Ренат Абдулин («Атырау»), Илья Воротников («Тараз»), Марк Гурман («Қайрат»), Виктор Дмитренко («Астана»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Дмитрий Мирошниченко («Ақтөбе»), Гафур Сүйімбаев («Ордабасы»), Дмитрий Шомко («Астана»), Константин Энгель («Ингольштадт», Германия);
Жартылай қорғаушылар: Анатолий Богданов («Тобыл»), Бауыржан Джолчиев («Астана»), Георгий Жуков («Астана»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Андрей Карпович («Атырау»), Ұлан Қонысбаев («Шахтер»), Валерий Коробкин («Ақтөбе»), Евгений Коструб («Атырау»), Станислав Лунин («Қайрат»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Асхат Тағыберген («Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай («Шахтер»), Танат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Корона», Польша);
Резерв: Абзал Бейсебеков («Астана»), Аслан Дарабаев («Қайрат»), Александр Киров («Шахтер»), Ермек Қуантаев («Қайрат»), Андрей Финонченко («Шахтер»).
Нидерланд құрамасы:
Қақпашылар: Яспер Силлессен («Аякс»), Тим Крул («Ньюкасл», Англия), Йерун Зут (ПСВ);
Қорғаушылар: Дэйли Блинд («Манчестер Юнайтед», Англия), Джоэл Велтман («Аякс»), Брюно Мартинс Инди («Порту», Португалия), Эрик Питерс («Сток Сити», Англия), Стефан де Врей («Лацио», Италия), Джеффри Брюма (ПСВ), Вирджил ван Дейк («Селтик», Шотландия), Грегори ван дер Вил («Пари Сен-Жермен», Франция);
Жартылай қорғаушылар: Ибрагим Афеллай («Олимпиакос», Грекия), Йорди Класи («Фейеноорд»), Лерой Фер (КПР, Англия), Найджел де Йонг («Милан», Италия), Дави Классен («Аякс»), Уэсли Снейдер («Галатасарай», Түркия), Джорджиньо Вейналдум (ПСВ), Квинси Промес («Спартак», Ресей);
Шабуылшылар: Клас-Ян Хунтелар («Шальке», Германия), Джермейн Ленс («Динамо» Киев, Украина), Робин ван Перси («Манчестер Юнайтед», Англия), Арьен Роббен («Бавария», Германия), Люсиано Нарсингх (ПСВ).
Матчқа бас төреші болып 34 жастағы Матей Юг тағайындалды. Оның көмекшілері - Матей Жунич пен Боян Ул. Төртінші арбитр — Андраж Ковачич.
Реферидің қосымша көмекшілері - Митя Жганец пен Деян Балажич.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресми: Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды
11.03.2026, 10:09
Елена Рыбакина ⅛ финалға шықты
10.03.2026, 11:50
Михаил Шайдоров ISU сыйлығына ұсынылды
10.03.2026, 09:59
Шорт-тректен 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
09.03.2026, 11:00
Милад Карими Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогында кезекті жүлдесін жеңіп алды
08.03.2026, 16:20
Алмат Әділет Гран-при турирінің чемпионы
07.03.2026, 23:30
Милан-Кортина: Александр Герлиц бірінші жарыс күнін 11 орынмен қорытындылады
07.03.2026, 18:30
Милад Карими Әлем кубогында күміс медальға ие болды
07.03.2026, 15:55