Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті
Қарағанды қаласының Орталық стадионында литвалық «Атлантас» командасына қарсы өткен қарымта ойын 3:0 есебімен аяқталды.
«Шахтер» сапынан алғашқы голды Михрет Топчагич соқты. Ал, 15 минуттан кейін Ұлан Қоңысбаев есепті еселесе, 93 минутта Роман Муртазаев есепті 3:0-ге жеткізді.
Айта кетейік, Клайпеде қаласында болған алғашқы ойын 0:0 есебімен тең аяқталған. Осылайша екі ойынның нәтижесі бойынша қарағандылық «Шахтер» клубы Лига Еуропаның үшінші іріктеу кезеңіне шықты.
Енді «Шахтер» келесі кезеңде хорватиялық «Хайдук» командасымен ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы ретінде арнайы кубок алды
15.09.2026, 11:00
Қазақстандық дзюдошылар Бакудегі әлем чемпионатына қатысады
14.09.2026, 14:00
Қазақстан еркін күрестен Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды
14.09.2026, 11:30
Ақмарал Ерекешева Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды
14.09.2026, 10:25
Елена Рыбакина US Open турнирінің чемпионы атанды
13.09.2026, 09:00
Геннадий Головкин ISSA вице-президенті болып сайланды
12.09.2026, 20:40
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00