«Ақтөбе» Чемпиондар Лигасын жеңіспен бастады
«Ақтөбе» футбол клубы Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашы кездесуде сырт алаңда грузиялық «Динамо» клубын 1:0 есебімен жеңді.
Ойынның алғашқы тайымында алаң иелері үш рет шабуыл жасаса, «Ақтөбе» клубы бір-ақ рет қауіпті соққымен жауап қайтарды. Нәтижесінде командалар бірінші таймда есеп аша алмады.
Ал, екінші таймды «Ақтөбеліктер» қарқынды бастады. Ойынның 51-ші минутында Данило Неконың баспен бағыттаған соққысын «Динамо» қақпашысы қайтара алмады. Бұдан соң гурзиялық футболшылар қанша шабуылдағанымен, Сиделиников қорғаған қақпаның саңлауын таба алған жоқ. Кездесу 1:0 есебімен «Ақтөбенің» пайдасына шешілді.
Қарымта кездесу 23-ші шілде күні Ақтөбе қаласындағы «Орталық алаңда» өтеді. Кездесуді «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы ретінде арнайы кубок алды
15.09.2026, 11:00
Қазақстандық дзюдошылар Бакудегі әлем чемпионатына қатысады
14.09.2026, 14:00
Қазақстан еркін күрестен Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды
14.09.2026, 11:30
Ақмарал Ерекешева Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды
14.09.2026, 10:25
Елена Рыбакина US Open турнирінің чемпионы атанды
13.09.2026, 09:00
Геннадий Головкин ISSA вице-президенті болып сайланды
12.09.2026, 20:40
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00