«Ақтөбе» командасы Чемпиондар Лигасында ойнайтын футболшыларын анықтады
УЕФА сайтының мәліметіне сәйкес, тбилисилік «Динамоға» қарсы ойнайтын «Ақтөбе» командасы 23 ойыншысының тізімін жариялаған. Бұл тізімге жаңадан келген украиналық шабуылшы Алексей Антонов пен қорғаушы Роберт Арзуманян да іліккен. Сонымен «Ақтөбе» командасы Чемпиондар Лигасында осы ойыншылармен ойнайды:
Қақпашылар: Станислав Павлов, Алмат Бекбаев, Андрей Сидельников;
Қорғаушылар: Алексей Мулдаров, Петр Бадло, Роберт Примус, Роберт Арзуманян, Юрий Логвиненко, Андерсон Минейро;
Жартылай қорғаушылар: Тарас Царикаев, Маркос Пиззелли, Марат Хайруллин, Асхат Тағыберген, Павел Шабалин, Евгений Левин, Валерий Коробкин, Дидар Жалмұқан, Тимур Кападзе;
Шабуылшылар: Данило Неко, Игорь Зенькович, Алексей Антонов, Абат Айымбетов.
Естеріңізге сала кетейік, «Ақтөбе» мен «Динамо» арасындағы алғашқы матч 16 шілде күні Тбилисиде өтеді. Ойынға польшалық бригада төрешілік етеді. Қарымта ойын 23 шілде күні Ақтөбе қаласында болады. Аталған екі ойынды тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасы көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы ретінде арнайы кубок алды
15.09.2026, 11:00
Қазақстандық дзюдошылар Бакудегі әлем чемпионатына қатысады
14.09.2026, 14:00
Қазақстан еркін күрестен Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды
14.09.2026, 11:30
Ақмарал Ерекешева Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды
14.09.2026, 10:25
Елена Рыбакина US Open турнирінің чемпионы атанды
13.09.2026, 09:00
Геннадий Головкин ISSA вице-президенті болып сайланды
12.09.2026, 20:40
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00