Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) Президент Кубогына дайындалуда
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) маусымның 25-30 аралығында өтетін Қазақстан Президенті Кубогы турниріне тыңғылықты дайындық үстінде.
Константин Фролов шәкірттері 16-23 маусым аралығында Талғарда өтетін жаттығу жиындарынан соң, Астанаға ұшады.
Құрама сапына шақырылған ойыншылар тізімі төмендегідей:
Қақпашылар: Данил Подымский («Қайрат»), Рустам Сәрсембаев («Тараз»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым, Мәди Айтөре («Қайрат»), Асқар Мәкішев, Кирилл Алексеев, Рустам Казимов («Шахтёр»), Қайсар Майраш («Тараз»), Бақдәулет Рысбеков («Ордабасы»);
Жартылай қорғаушылар: Ақсұлтан Асайынов, Әлішер Сағынов ( «Астана»), Рамазан Оразов («Қайрат»), Бақтияр Зайнутдинов («Тараз»), Адам Адахаджиев («Энергетик»), Геворг Наджарян («Шахтер»);
Шабуылшылар: Әділжан Жақсыбай («Ақтөбе»), Алтынбек Төлеев, Шыңғыс Сәменов (Ордабасы»), Оралхан Өміртаев («Шахтёр»), Константин Чернявский («Каспий»).
Жоғарыда көрсетілген футболшылар жарақат алған жағдайда құрамада олардың орнын басатын футболшылардың қосалқы тізімі жасалды:
Қақпашы: Мақан Әділет («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Ниязбек Шұғаев («Шахтер»), Иван Фромич («Ертіс»);
Жартылай қорғаушылар: Ахмат Береков («Тобыл»), Жандос Қуандықов («Тараз»);
Шабуылшылар: Никита Коряков, Жандос Солтанов («Қайрат»).
kff.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы