«Ордабасы» футбол клубының қаражатын жымқырғандар анықталды
Оңтүстік Қазақстан облысы Қаржы полициясы департаменті 30 наурызда «Ордабасы» клубының бұрынғы директоры Бақыт Байбұтаевқа және азамат Бартекеевке қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Байбұтаев 2007 жылдың сәуір мен маусым айларында, 2007 жылдың қарашасынан 2008 жылдың қарашасына дейінгі аралықта Байтекеевті ресми түрде бапкер, кейін команда менеджері ретінде жұмысқа алып, есепшотқа заңсыз 1,2 миллион теңге сомасында клуб бюджетінің қаражатын аударған.
Сонымен қатар, «Ордабасы» клубының бұрынғы президенті Евгений Шкаринге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 2008-2009 жылдар аралығында Байтекеев клуб бапкері қызметінде жұмыс атқармайтынын біле тұра, «істелген жұмысын» табельге тіркеп отырған және оның шотына 582 мың теңге көлемінде ақша аударған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресми: Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды
11.03.2026, 10:09
Елена Рыбакина ⅛ финалға шықты
10.03.2026, 11:50
Михаил Шайдоров ISU сыйлығына ұсынылды
10.03.2026, 09:59
Шорт-тректен 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
09.03.2026, 11:00
Милад Карими Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогында кезекті жүлдесін жеңіп алды
08.03.2026, 16:20
Алмат Әділет Гран-при турирінің чемпионы
07.03.2026, 23:30
Милан-Кортина: Александр Герлиц бірінші жарыс күнін 11 орынмен қорытындылады
07.03.2026, 18:30
Милад Карими Әлем кубогында күміс медальға ие болды
07.03.2026, 15:55