«Бавария» футбол клубына - 114 жыл
Мюнхендік «Бавария» футбол клубы 1900 жылы 27 ақпанда құрылған. 1965 жылдан бастап Бундеслига матчтарына үзіліссіз қатысып келеді.
«Бавария» - Германиядағы ең атақты футбол клубы. Команда ішкі біріншіліктерде 23 рет чемпион атанып, 16 рет ел кубогын иеленген.
Сонымен қатар, Еуропалық Чемпиондар кубогында үш рет жеңіске жеткен. Ал бұл турнирдің орнын басқан Чемпиондар Лигасында екі рет топ жарды.
«Бавария» - Еуропалық Чемпиондар кубогын қатарынан үш рет ұтқан жалғыз клуб саналады. Чемпиондар Лигасында соңғы рет 2013 жылы жеңіске жетті.
2013 жылдың аяғында ФИФА-ның клубтар арасындағы әлемдік кубогын жеңіп алған алғашқы германиялық команда атанды.
Қазіргі таңда әлемдегі үздік командалардың тізімінде екінші орында тұр.
Фото: spiegel.de
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркия – Парагвай: Тікелей эфир!
19.06.2026, 22:00
Бразилия – Гаити: Тікелей эфир!
19.06.2026, 20:40
Шотландия – Марокко: Тікелей эфир!
19.06.2026, 20:30
АҚШ – Аустралия: Тікелей эфир!
19.06.2026, 20:00
Канада құрамасының жартылай қорғаушысы Исмаэль Коне ауыр жарақат алды
19.06.2026, 12:30
Мексика Оңтүстік Кореядан басым түсті
19.06.2026, 11:00
Канада Қатарды сенімді түрде жеңді
19.06.2026, 09:00
Швейцария құрамасы 3 ұпайға ие болды
19.06.2026, 05:50