Деннис Бергкамп «Арсенал» жанкүйерлерінің жүрегінде
«Арсенал» сапында өткізген 11 жыл ішінде керемет ойынымен жанкүйерлер жүрегінен орын алған голландиялық шабуылшы - Деннис Бергкамптің бейнесі ескерткіш ретінде «Эмирейтс» стадионының алдына орнатылды.
Қоладан құйылған Бергамптың ескерткіші оның 1997-ші жылы Англия премьер-лигасы аясында «Лестер Сити» командасына үш гол салып, хет-трик жасаған ойынын бейнелейді.
Бұл «Арсенал» клубының «Эмирейтс» стадионы алдына орнатқан үшінші ескерткіші. Бұдан ертерек клубтың менеджері болған әйгілі Гербер Чепмен мен «Арсенал» командасының бұрынғы шабуылшысы, француз Тьери Анридің қоладан құйылған мүсіндері орнатылған болатын.
«Осының бәрі маған «Арсенал» сияқты ұлы клубта тамаша жылдар өткізгенімді білдіреді. Және мен бұл іске өз үлесімді қоса алғаныма бақыттымын», - деді Бергкамп.
Фото: fifa.com
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы ретінде арнайы кубок алды
15.09.2026, 11:00
Қазақстандық дзюдошылар Бакудегі әлем чемпионатына қатысады
14.09.2026, 14:00
Қазақстан еркін күрестен Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды
14.09.2026, 11:30
Ақмарал Ерекешева Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды
14.09.2026, 10:25
Елена Рыбакина US Open турнирінің чемпионы атанды
13.09.2026, 09:00
Геннадий Головкин ISSA вице-президенті болып сайланды
12.09.2026, 20:40
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00