Басты Жаңалықтар Қазақстандағы шетелдік футболшылардың жалақысы қанша?

Қазақстандағы шетелдік футболшылардың жалақысы қанша?

Қазақстандағы шетелдік футболшылардың жалақысы қанша?

Sport Invest Group компаниясының өкілі чехиялық агент Виктор Колар iDNEZ.cz сайтына берген сұхбатында өзінің клиенті Ондржей Кушнирдің Қазақстан командасына ауысуына қатысты мәселелерге тоқталды. 
Бұл футболшы осы жылдың қаңтарында либерецтік «Слован» командасынан қостанайлық «Тобылға» келген еді.

«Қазақстан Еуропа стандарттарына онша риза емес әрі пайда тапқысы келетін ойыншыларға көп мүмкіндік береді. Ол жақта 30-дан асқан спортшыларға шектеулер бар.

Кушнирдің шетелде ойнағысы келген еді. Осы екі жылдың ішінде көптеген команда оған ұсыныс жасады. Тіпті жазда екінші Бундеслигаға кетіп қалуға мүмкіндігі болды. Алайда Қазақстаннан түскен ұсыныс әлдеқайда тиімді көрінді. Ең маңыздысы: ол Қазақстанға бармай-ақ келісімшартқа бірден қол қойды.

Иә, ол үйінен алыс жерде болады, бірақ Ондржей мұндай жағдайға дайын. Қазақстанда оның деңгейіндегі футболшылар жылына 200 мың доллар (айына шамамен 16 мың доллар, теңгенің қазіргі бағамымен есептегенде 3 млн теңге) ақы алады» - дейді Колар.  

Естеріңізге сала кетейік, Кушнир «Тобылға» дейін чехиялық «Виктория Жижков», «Спарта» мен «Слован» командаларында ойнап, Чехия құрамасында төрт ойын өткізген. Кушнир - «Тобыл» командасына қосылған үшінші Чехия азаматы.

 

Бөлісу