Басты Жаңалықтар Массимилиано Аллегри «Миланнан» кетті

Массимилиано Аллегри «Миланнан» кетті

Массимилиано Аллегри «Миланнан» кетті

Команданың кезекті жеңілісінен кейін «Милан» клубының басшылығы  бас жаттықтырушы  Массимилиано Аллегриді  қызметінен босатты.  12-ші қаңтар күні «Милан» қонақта «Сассуоло» командасына 4:3 есебімен есе жіберді. Қатарынан жетінші рет жеңілген «Россонери» 22 ұпаймен Италияның А сериясында 11 орында тұр. Жаттықтырушы міндетін  уақытша бұған дейін көмекшілік қызметте болған Мауро Тассотти атқаратын болды.

Аллегри «Милан» тізгінін 2010-шы жылдың жазында ұстап, сол жылы Италия біріншілігі мен ел кубогын ұтқан болатын. 2012 жылдың қаңтарында Аллегри 2013-2014 жылдар маусымының аяғына дейін келісім шартын ұзартқан болатын.

Спорттық басылымдар  бас жаттықтырушы болып «Миланға»  осы клубтың бұрынғы ойыншылары Кларенс Зеедорф пен  Фелипе Индзаги келеді деген болжам айтуда. 

Бөлісу