«Шахтер» жартылай қорғаушысы украиналық клубқа ауысты
«Шахтер» футбол клубының жартылай қорғаушысы Роджер Каньяс донецкілік «Металлург» командасына ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz.
23 жасар колумбиялық жаңа клубпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы «Металлургтің» спорт директоры Вардан Исраелян мәлім етті. Алайда ол келісімшарттың егжей-тегжейіне тоқталған жоқ.
«Transfermarkt.de» порталының мәліметтері бойынша, ойыншының трансферлік құны 300 мың еуро. 14 қаңтар күні Каньяс командамен бірге Түркияға оқу-жаттығу жиындарына аттанады деп күтілуде.
Айта кетейік, Каньяс қарағандылық «Шахтер» клубына 2012 жылы келген. Осы қысқа уақыттың ішінде ол команда сапында 50 ойын өткізіп, ел чемпионатын (2012), Қазақстан Кубогы (2013) және Суперкубогын (2013) жеңіп алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресми: Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды
11.03.2026, 10:09
Елена Рыбакина ⅛ финалға шықты
10.03.2026, 11:50
Михаил Шайдоров ISU сыйлығына ұсынылды
10.03.2026, 09:59
Шорт-тректен 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
09.03.2026, 11:00
Милад Карими Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогында кезекті жүлдесін жеңіп алды
08.03.2026, 16:20
Алмат Әділет Гран-при турирінің чемпионы
07.03.2026, 23:30
Милан-Кортина: Александр Герлиц бірінші жарыс күнін 11 орынмен қорытындылады
07.03.2026, 18:30
Милад Карими Әлем кубогында күміс медальға ие болды
07.03.2026, 15:55