Ибрагимович: Алтын допты осы жолы Санта-Клаусқа бере салайық
Футбол алаңында және одан сырт жерлерде өзінің қалыпқа симайтын қылықтарымен аты шыққан Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимович үздік жыл футболшысына берілетін «Алтын доп» жүлдесін Санта-Клаусқа бере салуды ұсынды.
«Алтын доп» сыйлығына үміткерлер тізімінде болған Ибрагимович, жүлдеге үміткер үштікке іліге алмай қалған соң осылай деп, «ағынан жарылды». Енді жүлдеге тек Лионель Месси, Криштиану Роналду және Франк Рибери таласатын болады.
«Алтын допқа» келсек, менің ойымша үш үміткер де бұл сыйлыққа лайық, сол үшін «Алтын допты» Санта-Клаус алуы керек», деді Ибрагимович. Бұл туралы goal.com хабарлайды.
Фото: psg.fr
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы ретінде арнайы кубок алды
15.09.2026, 11:00
Қазақстандық дзюдошылар Бакудегі әлем чемпионатына қатысады
14.09.2026, 14:00
Қазақстан еркін күрестен Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды
14.09.2026, 11:30
Ақмарал Ерекешева Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды
14.09.2026, 10:25
Елена Рыбакина US Open турнирінің чемпионы атанды
13.09.2026, 09:00
Геннадий Головкин ISSA вице-президенті болып сайланды
12.09.2026, 20:40
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00