«KAZsport» телеарнасы дзюдодан «World Masters» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
23-24 мамыр аралығында Рабатта (Марокко) дзюдодан беделді коммерциялық World Masters Mohammed VI турнирі өтеді. Жарыстың жүлде қоры – 200 мың АҚШ доллары.
Турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен өз салмағының мықты спортшылары келеді. Олар қомақты жүлделермен қатар, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін ұпайларды да сарапқа салады.
Жарыс ерлер арасында 60, 66, 73, 81, 90, 100, + 100 келі, ал әйелдер арасында 48, 52, 57, 63, 70, 78, + 78 келі салмақ дәрежесінде өтеді. Әр белдесу ерлерде 5 минут, әйелдерде 4 минут.
Бұл жарысты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Көрсетілім кестесі:
23 мамыр, 21:55. «ДЗЮДО. Турнир «World Masters». Рабат (Марокко). 1-ші күн. Тікелей эфир
24 мамыр, 21:55. «ДЗЮДО. Турнир «World Masters». Рабат (Марокко). 2-ші күн. Тікелей эфир
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45