Нұрмахан Тінәлиев – Азия чемпионы, Нұрсұлтан Тұрсынов күміс жүлдегер
Катар астанасы Дохода күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Грек-рим стилінде күрескен палуандарымыз жақсы нәтиже көрсетті. Мысалы, 130 келі салмақ дәрежесінде күрескен Нұрмахан Тінәлиев Азия чемпионы атанды. Ол алғашқы кездесуде Ирак елінің палуаны Хайдер Абдулрахим Каабиді ұтса, ширек финалда үнділік Навин Навиннен 9:1 есебімен басым түскен. Жартылай финалда отандасымыз ирандық Башир Бабаджанзалехті жеңді. Ал, финалда қытайлық палуан Куанг Менгпен кездескен Нұрмахан жеңіске жетіп, алтын медаль ұтып алды.
Сонымен қатар, грек-рим стилінде сынға түскен Нұрсұлтан Тұрсынов (85 келі) Катардағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол алғашқы айналымда қырғыз Жанарбек Кенжеевтен басым түссе, жартылай финалда жапониялық Таичи Оканы ұтты. Ал, финалда Нұрсұлтан өзбекстандық палуан Руслан Ассакаловқа есе жіберді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39