Татьяна Аманжол мен Айым Әбділдина Азия чемпионатында қола медаль иеленді
Күрес түрлерінен Катарда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында қазақстандықтар әзірге екі медаль еншіледі. Татьяна Аманжол күрес түрлерінен Катарда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. 48 келі салмақ дәржесінде сынға түскен Татьяна алғашқы кездесуінде өзбекстандық Дәулетбике Яшимуратовадан басым түсті.
Келесі белдесуінде қазақстандық спортшы қытайлық қарсыласын ұтты. Алайда, жартылай финалға үндістандық палуан қызға жол берді. Қола медаль үшін өткен кездесуде Татьяна Аманжол Моңғолия елінің өкілі Цогбатаар Бямбазаяны жеңіп, үздік үштіктен орын алды.
Ал, 58 келі салмақ дәрежесінде белдескен Айым Әбділдина қола медаль еншіледі. Үшінші орын үшін кездесуде Айым Оңтүстік Кореяның өкілін 3:0 есебімен ұтып, континенталды жарыстың қола жүлдесіне ие болды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39