Дәулет Ниязбеков еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Қазақстандық палуан Дәулет Ниязбеков Катарда өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 61 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз алғашқы кездесуінде пәкістандық Хуссейн Мудассарды ұтқан.
Одан кейін қырғыз палуаны Әділет Маматаевты 9:0 есебімен жеңген. Жартылай финалда Дәулет Ниязбеков моңғолиялық Номин Батболдтан басым түсті. Ал, шешуші бәсекеде Иран елінің өкілі Бэхнам Иснаг Эхсанпурді жеңіп, жеңіс түғырына көтерілді.
Өкінішке орай, еркін күрес шеберлері Жігер Зәкіров (74 келі) пен Әлихан Жұмаев (97 келі) қола медаль үшін өткен белдесулерінде қарсыластарына жол берді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39