Дзюдошы Дастан Ықыбаев Гран При жарысының күміс жүлдегері атанды
Қазақ дзюдошысы Дастан Ықыбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Гран При жарысының күміс жүлдесін жеңіп алды. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін спортшы жеребе тарту нәтижесі бойынша бірден екінші айналымға шықты. Алғашқы кездесуінде ол ресейлік Денис Ярцевті ұтты, екінші белдесуінде армениялық Давид Никогосяннан басым түсті.
Жартылай финалға жолдама алу үшін ол Әзірбайжан спортшысы Хусейн Рахимлиді жеңді. Жартылай финалда Дастан татами иесі грузия палуаны Звиад Капанадзеден айласын асырып, ақтық сынға жолдама алды.
Финалда Рустам Оруджевтен ұтылып, жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Бүгін татамиге, Әсет Ахметжанов (90 келі), Айбол Айтбек (90 келі), Виктор Демьяненко ( 100 келі), Ержан Шынкеев (100 келіден жоғары) және Руслан Әбдіразақов ( 100 келідне жоғары) шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39